Жаңартылды: 23.08.2026
Diagnoz AI — техникалық қадағалау инспекторының жұмыс құралы. Нысанда инспектор бұзушылықты суретке түсіріп, дауыспен сипаттайды; қолданба Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларынан қажетті тармақты тауып, нұсқаманың жобасын жинайды.
Жасанды интеллект тек ЖОБА дайындайды. Шешімді инспектор қабылдайды және қол қояды — құжат үшін жауапкершілік адамда.
Қазақстан Республикасындағы аттестатталған техникалық қадағалау инспекторлары мен техқадағалау ұйымдарына. Қолданба көпшілікке арналмаған және заң кеңесін бермейді.
Пошта: admin@geoaxis.kz
Үш тілдің кез келгенінде жазыңыз: орыс, қазақ, ағылшын.
Қолданбадан: «Баптаулар» → «Кері байланыс» — сонда хатқа қолданба нұсқасы мен құрылғы моделі өзі тіркеледі.
Жұмыс күндері 48 сағат ішінде жауап береміз. Демалыс күндері жіберілген өтініштерді жақын жұмыс күні қараймыз.
— Норма табылмады. Жобадағы «Норма сәйкес келмеді» батырмасын басыңыз: өтініш бізге жетеді, норма базасын толықтырамыз.
— Нысанда байланыс жоқ. Әдеттегідей жұмыс істей беріңіз: суреттер мен жазбалар телефонда сақталып, желі пайда болғанда серверге өздері жіберіледі.
— Аккаунтты жою: «Баптаулар» → «Аккаунтты жою». Кіру бірден тоқтайды, деректер 30 күн ішінде өшіріледі.
«GeoAxis» ЖШС 2026 жылғы 20 тамыздан — мемлекеттік тіркелген күнінен бастап — оператор болып табылады.
Деректемелер: «GeoAxis» ЖШС, БСН 260840022626. Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Ұлы дала даңғылы, 71-үй, пошта индексі 010000. Пошта: admin@geoaxis.kz.
Құпиялылық саясаты: /legal/privacy
Пайдаланушы келісімі: /legal/terms